Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кеуде қалтаға «Нұр және Кемелділік» деген қасиетті жеребелерді салып қой. Һарон Жаратқан Иенің алдына барған сайын олар да Һаронның жүрек тұсында болмақ. Сонда Һарон Исраилдің үрім-бұтағына Жаратқан Иенің шешімдерін білдіретін сол құралдарды әрқашан жүрек тұсында Жаратқан Иенің алдында алып жүретін болады. Жаратқан Ие оларға тіл қатып былай деді: «Енді сөзіме құлақ салыңдар! Сендердің араларыңда пайғамбар бар болса, оған аян арқылы көрініп, түсінде онымен тілдесемін. Ешуа Менің, Жаратқан Иенің, еркін білу үшін діни қызметкер Елазардың алдында тұрсын. Елазар «Нұр және Кемелділік» деген қасиетті жеребелер арқылы Жаратқан Иенің алдында Оның шешімін анықтасын. Соның білдіргенімен Ешуа және барлық исраилдіктер ел қонысынан аттанып, оған қайта оралатын болсын». Мен бауырларыңның арасынан сен сияқты пайғамбарды шығарып, сөздерімді соның аузына салып отырамын. Ол Менің өзіне бұйырғандарымның бәрін соларға жеткізетін болады. Саул Құдайдан: «Філістірлердің соңынан түсіп қуайын ба? Сен оларды Исраилдің қолына түсіресің бе?» — деп сұрағанда, Құдай еш жауап бермеді. Сонда естімеймін мұндайлар шақырғанмен,Мені таппайды шарқ ұрып іздегенмен, Шаһардың қақпалары жерге шөкті,Ысырмаларын Ол сындырып күйретті,Қаланың патшасы мен әміршілеріБөтен жұрт арасына айдалып кетті.Оларда мүлдем жоқ Таурат заңы,Жаратқаннан аян көрмейді пайғамбарлары. Кейін осы арамзалар Жаратқан Иеге жалбарына үн қататын болады, бірақ Ол жауап бермейді. Сол кезде Жаратқан Ие олардың істеген көптеген зұлымдықтарына бола солардан бет-жүзін жасырады. Жаратқан Ие халқымды теріс жолға адастырған пайғамбарлар жайлы мынаны айтады: «Егер біреу оларға тамақ беріп қарындарын тойдырса, олар соған амандық пен тыныштықты болжайды. Ал егер солай етпесе, онда сол пайғамбарсымақтар оларға қарсы соғыс ашылатынын болжайды. Сол үшін сендерді еш көрініс көрмейтін түн, еш сәуегейлік айтылмайтын қара түнек басады. Пайғамбарлардың күні батып, оларды күндіз қараңғылық жабады. Көріпкелдер ұятқа қалып, бал ашатын сәуегейлер масқара болады. Құдайдан еш жауап болмағандықтан, олардың барлығы ауыздарын жауып үндемейді».
Выбор основного перевода