Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Жаратқан Ие бұлт ішімен төмен түсіп, Мұсамен сөйлесті; Мұсаға қонған Рухтан алып, Оны сол жетпіс ақсақалға үлестіріп қондырды. Өздеріне Рух қона салысымен олар пайғамбар ретінде Құдайдың хабарын жеткізе бастады. Ал кейін олар бұларын тоқтатты. Содан кейін сен Құдайдың Гибея қаласына барасың. Сол жерде філістірлердің жасақшылар тобы да орналасқан. Оған жақындағанда пайғамбарлар қауымының бір тобын кездестіресің. Олар ғибадат орнынан төмен түсіп, шертер, даңғыра, сыбызғы және жетіген тартып, ерекше көңіл күйімен Құдайды мадақтап келе жатады. Сонда Жаратқан Иенің Рухы саған құдіретпен қонып, сен де олармен бірге ерекше күйге еніп, Құдайды мадақтайсың. Сол сәтте жан дүниең өзгеріп, басқа адам болып кетесің. Қызметші екеуі Гибеяға жеткенде бірден алдарынан пайғамбарлар тобы жолықты. Құдайдың Рухы кенеттен Саулға қонып, ол пайғамбарлардың арасында ерекше көңіл күйіне еніп, Құдайды мадақтай бастады. Сонда Саул Дәуіттің үйін күзеттіріп, таң атысымен-ақ оны өлтіру үшін сарбаздарын жіберді. Әйелі Михол Дәуітке: «Бүгін түнде бас сауғалап, қашпасаң, ертең таңертең сені өлтірейін деп отыр!» — деп ескертіп, Саулдың Дәуітті қолға түсіру үшін жіберген сарбаздарына ол: «Дәуіт ауырып жатыр», — деді. Осылардан кейін Мен өз Рухымды бүкіл адамзаттың үстіне құямын. Ұл-қыздарың пайғамбарлық сөз айтады, қарттарың түс, жас жігіттерің аян көреді.
Выбор основного перевода