Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәуіт Саулмен сөйлесіп болғанда, патшазада Жонатан оны қатты ұнатып, жанындай жақсы көріп қалды. Саул сол күннен бастап Дәуітті өзінің қасында қалдырып, әкесінің үйіне қайтармай қойды. Дәуітті сондай жақсы көріп қалған Жонатан онымен серттесіп дос болып, Ал Саул қатты ашуланып, бұл сөздерді тіпті жақтырмай: «Олар Дәуітке он мыңдаған, ал маған не бары мыңдаған жеңілген жау үшін мақтау айтты! Енді оған жетпей тұрғаны патшалық билік қана!» — деп налыды. Сол күннен бастап Саул Дәуітке қызғанышпен қарайтын болды.
Выбор основного перевода