Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мәңгі тірі Құдайдың дауысын от ішінен біз естігендей естіп, тірі қалған пенде бар ма? Сендер мына жайттардан мәңгі тірі Құдайдың өз араларыңда екенін, әрі Оның алдарыңнан қанахандықтар, хеттіктер, хевтіктер, перездіктер, гергестіктер, аморлықтар және ебустіктерді қуып шығатынын білетін боласыңдар: Бірақ әке-шешесі оған:— Сол құдайсыз філістірлерден барып әйел алатындай, өз руымызда, не бүкіл халқымызда қыз құрып қалды ма? — десе де, Самсон әкесінен:— Сол қызды маған алып беріңіздерші, ол маған ұнайды! — деп өтіне берді. Ал Нахаш:— Жарайды, бітім жасасайық. Тек бір шартым бар: әрқайсыларыңның оң көздеріңді ойып аламын. Осылай бүкіл Исраилді масқараламақпын, — деп жауап берді. Жонатан нөкеріне былай деді:— Жүр, мына құдайсыздардың тобына барайық. Мүмкін, Жаратқан Ие бізге көмектесер. Не аз, не көп адам арқылы болсын, бәрібір Жаратқан Ие құтқара алады! — Сол філістір тағы да: — Мен бүкіл Исраил жасағының саптарын масқаралап тұрмын: менімен сайысқа түсетін бір адамды жіберіңдерші!» — деп айқай салды. Қызметшіңіз арыстан мен аюдың көзін құртып келді. Енді мына құдайсыз філістір де солардың кебінін киетін болады. Себебі ол мәңгі тірі Құдайдың әскер саптарын масқаралап тұр! — Дәуіт оған былай деп жауап қайырды:— Сен маған қарсы семсер, сүңгі, найзамен келесің. Ал мен саған Әлемнің Иесінің атымен, иә, өзің масқаралап отырған исраилдік әскер саптарының Құдайының атымен келе жатырмын! Ассур патшасы мәңгі тірі Құдайды қорлауға өзінің бас уәзірін жіберді. Мүмкін, Құдайыңыз Жаратқан Ие осы сөздерді естіген соң, Ассур патшасын айтқандары үшін сөгіп ескертер. Сондықтан халықтың әлі де тірі қалғандары үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңізші! Өзіңнің тұрағың жер бетіндегіҚандай сүйкімді, уа, Әлемнің Иесі! Бірақ болашақта Исраил халқының саны теңіз жағалауындағы санаса сан жетпейтін құм түйіршіктеріндей қисапсыз көп болады. Оларға «халқым емессіңдер» делінген жердің өзінде олар енді «Мәңгі тірі Құдайдың рухани балалары» деп аталады.
Выбор основного перевода