Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда філістірлер жағынан жекпе-жек шайқасқа бір жауынгер шықты. Ол Ғат қаласынан келген, есімі Ғолият, бойы алты жарым шынтақ болатын алып еді. Ғолият тұрып, Исраилдің сапта тұрған жасақшыларына дауыстап айқайлап: «Сендер неге сап түзеп тұрсыңдар? Мен філістірмін! Ал сендер Саулдың қызметшілері ғана емессіңдер ме? Ендеше араларыңнан біреуді таңдап алыңдар, ол қасыма келсін! Егер ол менімен шайқасып, көзімді құртса, онда біз сендердің құлдарыңа айналамыз. Ал егер мен оны жеңіп, өлтірсем, онда сендер бізге құл болып, қызмет етесіңдер! — деп жекпе-жекке шақырды. Сол філістір тағы да: — Мен бүкіл Исраил жасағының саптарын масқаралап тұрмын: менімен сайысқа түсетін бір адамды жіберіңдерші!» — деп айқай салды.
Выбор основного перевода