Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әйел:— Онда патша ием ұлымды қорғаймын деп өзінің Құдайы Жаратқан Иенің атымен ант етсе екен. Кек алушы тағы көбірек қан төгіп, ұлымның көзін құртпасын! — дегенде, патша әйелге:— Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: ұлыңның басынан бір тал шашы да жерге түспейді! — деп ант етті. Сонда Сүлеймен:— Мейлі, егер ол бұдан былай өзінің адал адам екенін танытса, онда басынан бір тал шашы да түспейді. Ал егер оның бойынан бір қулық-сұмдық табылса, ол өлім құшады! — деп ұйғарды. Алайда Құдайдың еркінсіз сендер қылдай да қиянат шекпейсіңдер. Сондықтан жүрек жалғап алыңдар деймін. Бұл құтқарылуларың үшін қажет. Ешқайсыңның бір тал шашың да түспейді».
Выбор основного перевода