Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Келесі күні Ешуа ерте тұрып, Исраилдің руларын кезекпен (киелі шатырдың) алдына келтірді. Сонда Яһуда руы таңдалды. Ешуа Яһуда руының құрамындағы әулеттерді алға шығарғанда Зарах әулеті таңдалды. Зарахқа жататын отбасыларды шығарғанда, Забди отбасы таңдалды. Ешуа сол отбасының адамдарын жеке-жеке шығарғанда, Яһуда руының адамы Ахан көрсетілді. Ол Қармидың ұлы, Забдидің немересі, Зарахтың шөбересі болатын. Самуил Исраилдің барлық руларының басшыларын алға шығарғанда, Бунямин руы таңдалды. Содан ол Бунямин руының өкілдерін алға шығарды. Сонда Матридың үрім-бұтағы, ал соңында сол әулеттің ішінен Қиш ұлы Саул таңдалды. Бірақ олар Саулды іздегенде, ол жоқ болып шықты. Лақтырған жеребең алдыңа түсер,Оның шешімін Жаратқан Ие берер. былай деп Құдайға сиынды: «Уа, Жаратқан Ие, Сен барлық адамдардың көңіліндегісін білесің. Сен осы елшілік қызметті мойнына алуға мына екеуінің қайсысын таңдап алғаныңды білдіре көрші. Себебі Яһуда бұл қызметтен безіп, өзіне лайықты жеріне кетті». Олар екеуіне жеребе салғанда, жеребе Матияға түсті. Осылайша ол он бір елшінің қатарына қосылды.
Выбор основного перевода