Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Біздің бәріміздің көктегі Әкеміз бірдей ғой! Бәрімізді де бір Құдай жаратқан жоқ па?! Ендеше неліктен біз бір-бірімізге опасыздық жасап, Жаратқан Иенің ата-бабаларымызбен жасаған Келісімін бұзамыз? Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. Себебі әлемнің бәрі де Құдайдан,Ол арқылы, Ол үшін пайда болған.Лайым Құдай мадақталсын әрқашан! Аумин. Түрлі қызметтер де бар, ал біздің қызмет ететін Тәңір Иеміз Біреу. Әрекеттер де алуан түрлі, бірақ олар арқылы сендердің барлығыңда әрекет ететін Құдай Біреу. Иеміз бір, бір сенімдеміз, шомылдыру рәсіміміз де бірдей. Барлығымыздың бір Құдай Әкеміз бар, Ол бәрімізден үстем және бәріміз арқылы әрекет етіп, бәріміздің жүрегімізден орын алды. Және Иса Мәсіхті тіл атаулы барлығы даЖаратқан Ие деп ашық мойындауғаТиіс һәм Құдай Әкенің даңқын арттыруға. Өйткені көктегі әрі жердегі, көзге көрінетін және көрінбейтін нәрселердің бәрін Құдай Өзінің рухани Ұлы арқылы жаратты: тақтар мен үстемдік иелері, билеушілер мен әміршілер бәрі де Мәсіх арқылы және Мәсіх үшін жаратылған. Ал осы соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын жіберіп жеткізді. Құдай Сол арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі етіп тағайындады. «Уа, Құдай Иеміз, Сен даңқ пен ұлылыққа, құрмет пен билікке лайықсың! Өйткені бүкіл әлемді жаратқан Өзіңсің; Сенің еркіңмен ол жаратылды және бола да береді». Нөкерлер мен ақсақалдар жаңа мадақтау жырын айтып былай деді:«Сен лайықсың кітапты қолыңа алуғаЖәне мөрлерін бұзып, оны ашуға!Өйткені құрбан болып, қаныңды төктің,Сол арқылы әр ру, тіл, ұлт пен халықтанШыққандардың төлемін өтеп босаттың,Һәм Құдайға оларды бағыштадың, Әрі Құдайымызға арнап солардыЖасадың діни қызметкерлер патшалығы;Олар жер бетін билейтін болады».
Выбор основного перевода