Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Жаратқан Иенің шынымен Құдай екендігі, Одан басқа шынайы құдайдың жоқ екендігі өздеріңе анық болу үшін осы ұлы да үрейлі істер көрсетілді. Сол себепті көкте де, жерде де Жаратқан Иенің жалғыз Құдай екендігін, Одан басқа ешбір (шынайы) құдайдың жоқ екендігін бүгін біліп, мұны жүректеріңе құйып алыңдар! Тыңда, Исраил: Құдайымыз Жаратқан Ие — жалғыз Құдай! Жалған тәңірлердің соңынан еріп кетпеңдер! Жалған деген аттары бар, сондықтан ешкімді құтқара да алмайды, олардан ешқандай пайда да жоқ. Өзге ұлттар табынған «тәңірлер» жалған,Ал Жасаған Ие аспанды жаратқан! Осылай дегенде «расында тәңірлер бар, оларға арналған құрбандықтардың шынайы мәні де бар» деп айтпақпын ба? Барлығымыздың бір Құдай Әкеміз бар, Ол бәрімізден үстем және бәріміз арқылы әрекет етіп, бәріміздің жүрегімізден орын алды.
Выбор основного перевода