Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Жаратқан Иеміз Мысырға қарсы шыққанда,Осыны бұйырды Жүсіптің ұрпағына,Біз бөтен тілді естіген уақытта. «Тәңірлерден» жоғары Құдайды мақтаңдар,Рақымы Оның мәңгіге ұласады, Иелердің Иесін мадақтаңдар,Рақымы Оның мәңгіге ұласады! Иса оларға былай деп жауап берді:— Өздерің құрметтейтін Киелі жазбада (Құдайдың билерге арнап мынаны айтқаны) жазылған: «Былай деген едім: сендер құдайсыңдар». Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды! Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!
Выбор основного перевода