Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Бірақ сол жылдың жетінші айында патшалық әулетке жататын Әлишаманың немересі Нетаниях ұлы Ысмағұл он адамымен бірге Миспаға келді. Олар Яһуданың әкімі Ғодалияхты қастандықпен өлтірді және Миспада Ғодалияхтың қасында болған исраилдіктер мен бабылдықтардың да көздерін құртты. Оразаларыңның аяғы ұрыс-талас, зұлым төбелеспен бітеді. Мұндай оразаларың мінажаттарыңды көкке жеткізбейді. Әлде пенденің кішіпейіл болғансып, басын қоғадай иіп, қайғы шеккен азалы жандай көрінген күнін Маған ұнайтындай ораза деп ойлайсыңдар ма? Осындай әрекетті шынымен ораза әрі Жаратқан Иені риза қылатын күн деп атауға бола ма?! Сол жылдың жетінші айында патшалық әулетке жататын әрі Яһуда патшасының бір қолбасшысы болған Нетанияхтың ұлы, Әлишаманың немересі Ысмағұл он адамымен бірге Миспаға келді. Олар сол жерде тұрған Ахиқам ұлы Ғодалияхтың үйіне кірді. Қонақтар Ғодалияхпен бірге дастарқан басында отырған кезде Осыдан кейін Жаратқан Иенің періштесі: «Уа, Әлемнің Иесі, осы өткен жетпіс жыл бойы Сен Иерусалимге және Яһуда елінің басқа қалаларына қаһарланып келдің. Қашанға дейін оларға рақымыңды көрсетуден бас тартпақсың?» — деп өтінді. «Әлемнің Иесі мынаны айтады: Әр жылдың төртінші, бесінші, жетінші және оныншы айларында ұстап келген ораза мезгілдеріңнің орнына бұдан былай Яһуда елінде шат-шадыман болып, жайдары мерекелер өткізесіңдер! Сондықтан шындық пен татулықты сүйіп қолдап-қорғаңдар!» Бір күнді екіншісінен қасиеттірек көретін кісі оны Иеміз үшін істейді, ал күндерді бірдей көретіннің ниеті де солай. Ет жейтін де мұнысын Иемізді құрметтеу үшін істейді, ол жеген тамағы үшін Құдайға шүкірлік етеді ғой. Одан бас тартқан да солай, ол да Құдайға шүкірлік етеді.
Выбор основного перевода