Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Қалғандарыңды Жаратқан Ие басқа ұлттардың арасына шашыратып жібереді. Сендер Жаратқан Ие өздеріңді жер аудартқан сол ұлттардың арасында сандарың аз болып тіршілік етесіңдер. Сион, сен бұған дейін жалғыз қалдырылған, жек көрінішті қала болдың. Ешкім саған соғып өтпейтін. Бірақ Мен сені келешек ұрпақтарыңның мәңгілік қуанышы мен мақтанышы етемін. Қара да тұр, Жаратқан Иенің қаһары дауылдай буырқанып, құйын сияқты зұлымдардың басына шүйілейін деп жатыр! Мен өздерін халықтардың арасына таратып, елдердің ішіне бытыратып жібергенімде олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. Бабыл еліндегі халқыңа былай де: Исраил елі мен Иерусалимде тұрып жатқандар туралы Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Олар нанын үрейлене отырып жеп, суын қорқып отырып ішетін болады. Өйткені ел қазіргі тұрғындарының жасаған зорлық-зомбылықтарының кесірінен барынан айырылып, жұрдай болады. (Жаратқан Ие тағы мынаны айтады:) «Мен халықтарды қырдым, олардың бекіністі қалаларын бұздым. Көшелерін қаңыраттым, олармен жүретін ешкім де қалмады. Қалалары қираған, адамдары жоқ, тіпті бірде-бір тұрғыны қалмаған.
Выбор основного перевода