Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Бірақ шақырсам да, тыңдаудан бас тарттыңдар,Құшағымды жайсам да, назар аудармадыңдар, Ақыл-кеңесіме мүлдем ден қоймадыңдар,Ескертулерімді де қабылдамадыңдар! Сол үшін қиналған кездеріңде күлемін,Үрейлерің ұшқанда келеке етемін. Қорқыныш сұрапыл дауылдай соққанда,Зобалаң бастарыңа құйындай туғанда,Қайғыға ұшырап сендер тарыққанда. Сонда естімеймін мұндайлар шақырғанмен,Мені таппайды шарқ ұрып іздегенмен, Сендер қолдарыңды жайып Маған сиынғанда назар аудармаймын. Қаншама көп мінажат етсеңдер де, Мен құлақ салмаймын. Себебі қолдарың жазықсыз адамдардың қанымен былғанған. Сондықтан Жаратқан Ие ескертіп мынаны айтады: Мен оларға қашып құтыла алмайтын бір апат жіберемін. Олар Менен рақым етуімді жалбарына өтінсе де, оларға құлақ аспаймын. Сол үшін де Мен оларға қаһарымды төгемін. Оларға аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Олар Маған қатты дауыстап жалбарынса да, Мен құлақ аспаймын,» — деді. Кейін осы арамзалар Жаратқан Иеге жалбарына үн қататын болады, бірақ Ол жауап бермейді. Сол кезде Жаратқан Ие олардың істеген көптеген зұлымдықтарына бола солардан бет-жүзін жасырады.
Выбор основного перевода