Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Сөйтіп құрылысшылар Жаратқан Иенің киелі үйінің негізін қалап болды. Содан кейін арнайы киімдер киген діни қызметкерлер кернейлермен, әрі леуілік Асафтың ұрпақтары сылдырмақтармен өз орындарына тұрғызылды. Сол екі топ ежелде Исраил патшасы Дәуіт бекіткен тәртіппен Жаратқан Иені дәріптемек болды. Киелі үй Дарий патшаның билік құрған алтыншы жылының адар айының үшінші күні салынып бітті. Ендеше жиналыңдар, бәрің де құлақ салыңдар! Жаратқан Иенің сүйікті қызметшісі (Кир патша) Оның еркін Бабылда орындап, мықты қолымен сол елдегі халдейлерге қарсы шығатын болады. «Жалған тәңірлердің қайсысы бұны алдын ала білдіріпті? Жоқ, тек Мен ғана соны алдын ала айттым. Өзім оны шақырып әкелемін және оның жолын сәтті етемін. Қасыма жақындап, сөзіме құлақ түріңдер: Мен ниетімді басынан-ақ бүкпей ашық айтып келемін. Оны іске асыратын уақытта да Өзім сол жерде боламын».Енді Жаратушы Тәңір Ие және Оның Рухы мені мына хабармен жіберіп отыр: Тұқым әлі де қамбаларыңда сақталып келеді, солай емес пе? (Демек, сендер әлі де егін егіп, жинаған жоқсыңдар.) Жүзім, анар, інжір және зәйтүн ағаштары да жемістерін әлі берген жоқ. Алайда бүгіннен бастап Мен сендерді жарылқайтын боламын!» Себебі бір даңқты кезеңнен кейін Әлемнің Иесі мені өздеріңді тонаған халықтарға жіберіп, мынаны айтты: «Кім сендерге тиіссе, соның Менің көзімнің қарашығына тиіскені! Мен таяуда оларға қарсы қолымды созбақпын. Сонда оларды өз құлдары тонайтын болады». — Сол кезде сендер Әлемнің Иесінің мені жібергенін анық білетін боласыңдар. «Әлемнің Иесі мынаны айтады: Діни қызметкерлерге Таурат заңы туралы мына сұрақты қой:
Выбор основного перевода