Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Себебі Жаратқан Ие Өзіне шын жүректен бағышталып, адал болып жүргендерді күш-қуат беріп қолдау үшін, бүкіл жер жүзін назарында ұстап отырады.Осы істегеніңіз үлкен ақылсыздық болды. Сол үшін де бұдан былай соғыстан көз ашпайтын боласыз!» Алайда Құдай яһудилердің ақсақалдарына көз қырын салып қамқор болды. Сондықтан әмірші Дарий патшаға мәлімет хат жіберіп, соған жазбаша жауап қайтып келгенше, яһудилердің жұмысын тоқтатқан жоқ. Осы киелі үйді оның бұрынғы салтанатында көргендерден араларыңда кім қалды? Ал қазір көріп тұрғандарың қандай? Бұрынғыға қарағанда ол сендерге түк еместей болып көрінбей ме? Сонда жасыл бұталардың арасында тұрған салт атты:— Бұлар Жаратқан Иенің жер бетін шолып келуге жіберген шолғыншылары, — деп жауап берді. Сондықтан Жаратқан Ие мынаны айтады: — Мен Иерусалимге мейірімімді төгу үшін қайтып келе жатырмын. Осы қалада Менің киелі үйім қайтадан салынып, құрылысшылар өлшеуіш жіптерін тартатын болады». — Әлемнің Иесі осыны уәде етеді. Мен қарасам, тақтың ортасында, айнала тұрған төрт нөкер мен ақсақалдар қоршаған «Тоқтыны» көрдім. Ол құрбандыққа шалынғандай болып көрінді. Оның жеті мүйізі мен жеті көзі бар екен, бұлар бүкіл әлемге жіберілген Құдайдың жеті Рухын білдіреді. Бұдан кейін мен Құдай алдында тұрған жеті періштені көрдім, оларға жеті керней берілді.
Выбор основного перевода