Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Саф алтыннан шам қойғыш та жасат. Оның тұғыры мен діңгегі, мүсінделген тармақтары, гүл тостағаншалары, қауыздары және бүршіктері түгел біртұтас алтыннан балғамен соғылып жасалсын. Діңгегінен екі жағына үш-үштен алты тармақ шығуы керек. Әр тармақта шар тәрізді үш бүршіктен тараған, қауыздарын ашқан үш алтын бадам гүлінен болсын. Ал ортадағы діңгекте дәл осындай төрт алтын бадам гүлі болуы керек. Әр тармақта шар тәрізді үш бүршіктен тараған, қауыздарын ашқан үш алтын бадам гүлінен болсын. Ал ортадағы діңгекте дәл осындай төрт алтын бадам гүлі болуы керек. Бұл гүлдердің бүршіктері екі жаққа созылған үш жұп тармақтың діңгектен шыққан жерлерінің астыңғы жағында орналассын. Тармақтарымен, бүршіктерімен бірге шам қойғыш түгелдей біртұтас саф алтыннан балғамен соғылып жасалсын. Шам қойғышқа жеті май шамын дайындатып, оларды жарығы алдыңғы жағына түсіп тұратын етіп діңгек пен тармақтардың бастарына орнат. Оның білте түзеткіштері мен табақшаларын да саф алтыннан жасат. Шам қойғыш пен қажетті құрал-жабдықтары үшін бір ат басындай саф алтын жұмсалсын. Байқа, барлығын саған осы тау басында көрсетілген үлгіге сай жасайтын бол! Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап:— Еремия, нені көріп тұрсың? — деген сұрақ қойды. Мен:— Бадам ағашының бір бұтақшасын көріп тұрмын! — дедім. Содан соң Жаратқан Ие маған екінші рет сөзін арнап:— Нені көріп тұрсың? — деген сауал қойды. Мен:— Бір қазанды көріп тұрмын. Ол қайнап, тасып, солтүстіктен бізге қарай төгілейін деп жатыр, — деп жауап бердім. Ол менен:— Не көріп тұрсың, Амос? — деп сұрады.— Піскен жеміс салынған себетті, — деп жауап бердім. Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді:— Өз халқым Исраилдің де пісіп, жиналып, сотталатын уақыты жетті. Бұдан былай Мен олардың күнәларына шыдамдылық көрсетпеймін! Мен кімнің сөйлеп тұрғанын көру үшін жалт бұрылдым. Бұрылып қарағанда жеті алтын шам қойғышты көрдім. Тақтың тұсынан найзағайдың жарқылы, гүрсілі және күркірі шықты. Ал тақтың алдында жеті шырағдан жалындап жанып тұрды. Олар — Құдайдың жеті Рухының белгісі.
Выбор основного перевода