Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Захария
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Сол тұста Ешуа Иерихонның маңайында жүріп басын көтеріп, қарап қалғанда, міне, қарсы алдында тұрған, қолында жалаң семсері бар біреуді көрді. Ешуа оған таяп келіп:— Сен кімді жақтайсың, бізді ме, әлде жауларымызды ма? — деген сауал қойды. Бірінші күймеге жирен, екіншісіне қара, үшіншісіне ақбоз, төртіншісіне ала аттар жегіліпті. Аттардың бәрі де мықты екен. Сонда мен өзіммен сөйлескен періштеден:— Мыналар не, мырзам? — деп сұрадым. Періште маған:— Бұлар көктің төрт рухын бейнелейді. Осы төрт рух бүкіл жер бетінің Иесінің алдында тұратын нөкерлері. Олар Оның еркін орындауға шығып бара жатыр, — деп түсіндірді. — Қара аттар жегілген күйме солтүстік жаққа қарай, ақбоз аттар жегілген күйме олардың артынан, ал ала аттар жегілген күйме оңтүстікке қарай бағыт алды. Сол мықты аттар алға шығып, жер бетін шолып қайтуға асыға жұлқынды. Сондықтан ол: «Барыңдар, жерді шолып қайтыңдар!» — деп бұйырды. Осыны естісімен олар жерді шарлауға аттанды. Сонда Жаратқан Ие маған дауыстап:— Біліп ал, солтүстікке кеткендер сол өлкеге Менің қаһарлы жазамды тартқызып, Рухымды тыныштандырды, — деді. Сонда оттай қызыл ат шықты. Оған мінгенге адамдар бірін-бірі қырулары үшін жер бетіндегі бейбітшілікті жою билігі беріліп, үлкен семсер табыс етілді. Мұнан соң қарағанымда, көктің ашылғанын және сонда тұрған ақ боз атты көрдім; оның үстінде Отырған «Адал да Ақиқат» деп аталады. Ол әділдікпен үкім кесіп, соғысқа шығады.
Захария
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Выбор основного перевода