Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Захария
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Өздерің мүлдем бас тартып, опасыздық жасаған Жаратқан Иеге енді қайтып келіңдер, уа, Исраил халқы! Ей, жердің түкпір-түкпіріндегілер, Маған бет бұрыңдар, сонда құтқарыласыңдар. Жалғыз Құдай Менмін, өзге құдай жоқ! Сондықтан бар да, солтүстікке қарай мына хабарды жарияла: Уа, тұрақсыз Исраил, Маған қайтып кел! Бұдан былай сендерге қабақ түйіп қарамаймын, өйткені Мен рақымдымын! — деп уәде береді Жаратқан Ие, — Менің қаһарым мәңгілікке ұласпайды. — Қайтып келіңдер Маған, ей, тұрақсыз халық! Мен сендерді опасыз қылықтарыңнан арылтып сауықтырамын.— Иә, біз Саған қайтып келеміз, өйткені Сен біздің Құдайымыз Жаратқан Иесің! — дейді Солтүстік Исраилдің халқы. — Сондықтан, уа, Исраил халқы, Мен сендердің әрқайсыңа өз іс-әрекеттеріңе сәйкес үкім шығарамын! — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — Бұрын істеген барлық зұлым қылықтарыңа өкініп, солардан бас тартыңдар! Сонда сендер өмір жолдарыңда әділетсіз іс істеп сүрініп құламайсыңдар. Оларға былай деп жауап бер: Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп мынаны айтады: Мен зұлымның өлімін емес, оның теріс жолынан қайтып, өмір сүре бергенін қалаймын. Кері бұрылыңдар! Теріс жолдарыңнан қайтыңдар, уа, Исраил халқы! Әйтпесе сендерге өліп не бар?! Уа, Исраил халқы, өз Құдайың Жаратқан Иеге қайта орал! Осылай күйрегеніңе өз күнәларың себепші болды. Тіпті қазірдің өзінде Жаратқан Ие мынаны нық айтады: «Шын жүректен Маған қайтыңдар, ораза ұстап, жылап қайғырыңдар!» Сен бізге қайтадан рақымыңды көрсетесің. Әділетсіз істерімізді аяғыңмен таптап, күнәларымыздың бәрін де теңіздің тұңғиығына тастайсың! Сонау ата-бабаларыңның заманынан-ақ сендер Менің ережелерімнен жалтарып, оларды ұстанбай келесіңдер. Енді кері бұрылып, Маған қайтып келіңдер. Сонда Мен де сендерге қайтып келемін, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі.Бірақ сендер: «Біз қалайша қайта аламыз?» деп сұрайсыңдар. Құдайға жақындаңдар, сонда Ол да сендерге жақындайды. Ей, күнәкарлар, қолдарыңды жамандық атаулыдан жуып тазартыңдар! Ей, екіойлы табансыздар, жүректеріңді орнықтырыңдар!
Захария
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Выбор основного перевода