Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Захария
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Ата-бабалары сиынған Құдайы Жаратқан Ие Өзінің таңдап алған халқына және жер бетіндегі тұрағына жаны ашып, қайта-қайта хабаршыларын жіберіп, оларға ескертіп келген еді. Алайда олар Құдайдың хабаршыларын мазақ қылып, сөздеріне күліп, пайғамбарларын келекелей берді. Ақыр соңында Жаратқан Ие өз халқына әбден қаһарланды. Оларды енді аман қалдырудың ешбір шарасы қалмады. Олар бабаларындай істеп жүрмесін:Бас көтергіш қыңыр ұрпақ бола көрмесін,Жүректерін Құдайға арнаудан безбесін,Ой-ниеттері Құдайға сенімсіз болмасын. Сендерге күзетуші пайғамбарларымды тағайындап: «Олардың қаққан дабылдарына құлақ салыңдар!» деп едім. Бірақ та: «Жоқ, соған құлақ салмаймыз!» деп қасарыстыңдар. Мен ата-бабаларыңды Мысыр елінен алып шыққалы бері осы күнге дейін қайта-қайта оларға «Даусыма құлақ салыңдар!» деп ескертіп келдім. Бірақ олар құлақ салып ден қойған жоқ, керісінше, қасарысқан жүректерінің зұлым қалауларымен жүре берді. Сондықтан Келісімде белгіленген қарғыстардың барлығын бастарына түсірдім. Себебі Мен осы Келісімнің шарттарын оларға тапсырсам да, олар ұстанбады. Құдайына мойынсұнбай қарсы шыққандары үшін Самарияның халқы кінәларының кесірінен жазаланатын болады. Олар семсерден өледі. Жас балаларын жау жерге соғып өлтіріп, жүкті әйелдерінің іштерін жарады. Бірақ олар тыңдаудан бас тартты, тіпті тыңдамаймыз деп бет-жүздерін бұрып, естімеу үшін құлақтарын жауып алды.
Захария
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Выбор основного перевода