Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: — Біліп ал: Мен Яһуда руынан шыққан Һұрдың немересі, Ұри ұлы Беселиелді арнайы таңдап алдым. Оны Құдай Рухына кенелтіп, оған ақыл-парасат пен қабілет дарытып, барлық өнерден хабардар етіп қойдым. Оған алтын, күміс, қола бұйымдарға көркем өрнектер жасауға, Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Тезірек төмен түс! Сен Мысырдан бастап алып шыққан халқың азғындыққа салынды! Олар Мен өздеріне өсиет еткен жолдан лезде тайып шығып, алтыннан құйылған жас бұқа мүсінін жасап алды. Соған иіліп құлшылық етіп, құрбандық шалып, «Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірің — осы!» десті. Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді:— Мен бұл халықты назарымда ұстап келемін, оның тоң мойын қыңыр екеніне көзім жетті. Енді Мені тоқтатуға тырыспа! Қаһарым лаулап, оларды құртып жібермекпін. Содан кейін өзіңнен үлкен бір халықты жаратамын. Хориб беткейінде халық жас бұқаныҚұйып жасап, сол мүсінге табынды,
Выбор основного перевода