Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие тау басына от жалынына оранып түскендіктен, Синай тауын түгел түтін жапты. Таудан балқыту пешінен шыққандай түтін шығып, бүкіл тау қатты шайқалып тұрды. Мұса екі тас тақташаны қолына ұстап, кері бұрылып, таудың басынан төмен түсіп кетті. Тақташалардың екі бетінде: алдыңғы және артқы жақтарында Келісімнің ережелері жазылған еді. Тас тақташаларды жасау да, беттеріндегі сөздерді ойып жазу да Құдайдың ісі болатын. (Мұсаны жарты жолда қарсы алған) Ешуа халықтың қатты дауыстаған у-шуын естіп: «Ел қонысындағы бұл шу соғыс кезінде шығатын айқай ғой!» — деді. Ал Мұса: «Бұл жеңістің қуанышты үні емес, жеңілістің зарлайтын үні де емес. Қайта, мен айтылған ән-жырларды естіп тұрмын», — деп жауап қайырды. Олар ел қонысына таяп, Мұса жас бұқа мүсінін әрі би билеген халықты көргенде қаһары лаулады. Содан ол тау етегінде тұрып, қолындағы тас тақташаларды жерге лақтырып жіберіп, быт-шытын шығарды.
Выбор основного перевода