Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол айдалада күллі қауым Мұса мен Һаронға қарсы наразылық білдіріп: «Мысыр елінде Жаратқан Иенің қолынан өлгеніміз жақсы болған болар еді! Ол жерде етке толы қазанды айнала отырып, нанды тойғанымызша жеп жүрдік. Ал сендер бізді бүкіл қауымды аштан қатыру үшін осы шөл далаға бастап алып келдіңдер», — деп күңкілдеді. «Мен исраилдіктердің наразы күңкілін естідім. Оларға былай де: кешке ет жеп, ертеңіне азанда нанға тоятын боласыңдар. Сонда Менің өздеріңнің Құдайларың Жаратқан Ие екенімді ұғынып білесіңдер», — деді. Сол кеште-ақ бөденелер ұшып келіп, халықтың қоныстанған жеріне қаптап қонды. Ал ертеңгісін азанда айналаны шық басып жатты. Шық кепкен кезде оның орнында айдалада қырау тәрізді ақ, нәзік қабыршақтар қалды. Исраилдіктер мұны көргенде оның не екенін білмей, бір-бірінен: «Ман һу?» яғни «Бұл не?» — деп сұрасты. Мұса оларға түсіндіріп: «Бұл — Жаратқан Иенің сендерге жеуге берген наны. Исраил халқы өзінің тұрақтап мекендейтін жері — Қанахан елінің шегіне жеткенше қырық жыл бойы маннамен қоректенді. Бірақ та Ол бұлттарға бұйрық берді,«Аспанның қақпаларын» ашып берді, Халыққа жейтін маннаны жаудырды,Сөйтіп оларға нанды аспаннан жіберді, Адамдар «періштелер нанын» жеді,Қарындары тойғанша Құдай мол берді. Құдай аспанда шығыстан жел тұрғызды,Құдіретімен оңтүстіктен жел соқтырды, Ол аспаннан тозаңдай мол ет жаудырды:Теңіз жағалауындағы құм сықылдыСансыз көп боп ұшып келген құстарды Халық қоныстанған жердің ортасынаҚондырды, шатырларының маңайына. Осылайша халық тойына ет жеді,Құдай оларға аңсағандарын берді, Ал құмартқан тамақтарын жеп болмастан,Ауыздарындағы етті жұтпастан, Оның зәрі оларға қарсы көтерілді,Ол ең мықты адамдарын өлтірді,Сұлатып исраилдік жас жігіттерді. Алайда халық күнә жасай берді,Ғажаптарын менсінбей Құдайға сенбеді. Сонда Ол күндерін бекер қылып қысқартты,Оларды қорқытып, жылдарын доғартты. Құдай кейбіреулерін құртқанда,Басқалары Оған бет бұрды соңында,Өкініп, қайтты теріс жолдарынан,Сиына берді Құдайға таң азаннан. Естеріне түсті: «Құдай — құздай панамыз,Иә, Алла Тағала — Құтқарушымыз». Иса оған былай деп жауап қатты:— «Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді» деп (Тауратта) жазылған ғой! Сонымен маған ғибадат етсең бәрі де Сенікі болады, — деді. Барлығы да Құдай кереметпен берген бірдей тағам жеп,
Выбор основного перевода