Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса Жаратқан Иеге дауыстап жалбарынып сиынды. Сонда Жаратқан Ие оған бір ағашты көрсетті. Мұса оны суға лақтырған кезде су тұщыланды.Сол жерде Тәңір Ие өз халқына арналған заңдары мен шешімдерін шығарды. Ол халықты сынап былай деді: Сонда Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып мынаны айтты: «Біліп қойыңдар, Мен сендерге аспаннан нан жаудырамын. Күн сайын халық далаға шығып, бір күндік тамағын жинап алсын. Осылай Мен олар нұсқауымды орындап жүр ме, жоқ па, соны сынаймын. Өйткені Құдайларың Жаратқан Ие қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді жарылқап келеді. Осы қырық жыл бойы мына кең-байтақ далада жүргенде Құдай Ие сендерді қорғап жүрді. Оның Өзі бірге жүріп сендерге жар болғандықтан, еш нәрседен таршылық көрген жоқсыңдар. онда сендер сондай пайғамбардың не көріпкелдің айтқан сөздерін тыңдамаңдар! Осы жайт арқылы Құдайларың Жаратқан Ие сендерді, Өзін шын жүректен және бүкіл жан дүниелеріңмен сүйетін не сүймейтіндеріңді білу үшін сынайды. Қырық жыл бойы сендерді иен далада бастап жүрдім. Сонда киім-кешектерің де, аяқкиімдерің де тозып қалған емес. Тек Бабыл патшалығының билеушілері Яһуда елінде болған ғажап керемет туралы сұрастыруға жіберген елшілері келгенде, Құдай Езекияның жүрегінің түкпір-түкпірінің бәрін білу үшін оны өз бетімен қалдырып, сынақтан өткізді. Сендердің аморлықтардың жерін иемденіп алуларың үшін Мен сендерді Мысыр елінен алып шығып, қырық жыл бойы айдалада ертіп жүрген едім.
Выбор основного перевода