Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен Хориб тауындағы анау жартастың басында сенің қасыңда тұрамын. Жартасты таяғыңмен соққанда ішінен халық ішетін су шықпақ, — деді. Мұса Исраил халқының рубасыларының көзінше солай істегенде су аға жөнелді. Сонда Жаратқан Ие халық арасына отқа ұқсаған улы жыландар жіберіп, солар Исраил халқының арасынан көптеген адамды шағып өлтірді. Содан кейін Мұса қолын көтеріп, жартасты екі рет таяғымен соғып қалды. Сонда одан су молынан сарқырап аға жөнелді. Бүкіл жамағат та, малдары да ішіп, шөлдерін қандырды. Шөл далада жартасты қақ айырған,Терең тұңғиықтан су шығарған,Халқының шөлін молынан қандырған. Құдай жартасты айналдырды көлге,Дәу шақпақ тасты атқылаған су көзіне. Мен сендерге иен далада, қуаңшылық жайлаған елде қамқорлық жасадым.
Выбор основного перевода