Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Второзаконие
Параллельные места
Һаронның Менің қызметіме бағышталып тағайындалу рәсімі кезінде киетін сол киімдерін дайындау жайында Өзім ерекше дарынға кенелткен барлық парасатты адамдарға нұсқау бер. Содан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді: — Бойында Менің Рухым бар адам — Нұн ұлы Ешуаны қасыңа ал да, оның үстіне қолыңды қойып бата бер. Содан ол Ешуаның үстіне қолын қойып бата беріп, оған міндетін өсиеттеп тапсырды. Бұның бәрі Жаратқан Иенің Мұса арқылы білдірген еркі бойынша істелінді. Біз Мұсаны қалай тыңдаған болсақ, сізді де солай тыңдаймыз. Ендеше Құдайыңыз Жаратқан Ие Мұсамен бірге жүріп жар болғандай, сізге де жар бола берсін. Осы патшаға Жаратқан Иенің Рухы қонып, оған даналық пен парасат, ақыл-кеңес пен құдірет, білімділік және Жаратқан Иені терең қастерлеуді дарытады.
Второзаконие
Выбор основного перевода