Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Второзаконие
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұсамен адамның жақын досымен бетпе-бет сөйлескеніндей сөйлесетін. Мұса кейінірек ел қонысына қайтып оралатын, ал оның жас көмекшісі Нұн ұлы Ешуа кездесу шатырының қасынан кетпейтін. Жаратқан Ие оларға тіл қатып былай деді: «Енді сөзіме құлақ салыңдар! Сендердің араларыңда пайғамбар бар болса, оған аян арқылы көрініп, түсінде онымен тілдесемін. Ал қызметшім Мұсамен бұлай емес. Ол — Менің бүкіл үйімдегі адал қызметшім. Мен онымен жұмбақтап емес, бетпе-бет, анық тілдесемін. Мұса Менің — Жаратқан Иенің бейнесін көреді. Өз қызметшім Мұсаға қарсы сөйлеуден сендер қалайша қорықпадыңдар?» Немесе Құдай Иеміздің көз алдымызда Мысыр елінде істегеніндей, сол халықты ауыр сынақтардан өткізіп, ғажап істер мен кереметтер көрсетіп, соғыспен, Өзінің алға созылған құдіретті қолымен әрі ұлы да үрейлі істерімен өз меншігі болу үшін бір халықты басқа бір елдің ішінен алып шығуға тырысқан тәңір бар ма екен? (Әрине, жоқ!) Құдай Иелерің сендерге мен сияқты бір пайғамбарды бауырларыңның арасынан шығарады. Соның айтқандарын тыңдаңдар! Мен бауырларыңның арасынан сен сияқты пайғамбарды шығарып, сөздерімді соның аузына салып отырамын. Ол Менің өзіне бұйырғандарымның бәрін соларға жеткізетін болады.
Второзаконие
Выбор основного перевода