Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Иә, соларды мұқият сақтап орындаңдар! Себебі осылайша басқа халықтар сендердің даналықтарың мен ақыл-парасаттарыңа көз жеткізіп, осы ережелер туралы естігенде қайран қалып: «Ойпыр-ай, осы үлкен халық неткен дана да парасатты ел еді!» — дейтін болады. Ендеше қайратты да өте батыл болып, қызметшім Мұса саған тапсырған барлық Таурат заңын сақтап берік ұстанатын бол! Сол заңды орындаудан оңға да, солға да тайқыма! Солай істесең, қайда барсаң да, табысты боласың. Қайда барсаң да, не істесең де, табысты болуың үшін Құдайың Жаратқан Иенің өзіңе тапсырған міндетін орындайтын бол! Оның Мұса арқылы берген Таурат заңында жазылған барлық ережелері мен өсиеттерін, шешімдері мен бұйрықтарын бұлжытпай орындап, Оның ізгі жолымен жүретін бол!
Выбор основного перевода