Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал олардың қайсысы Жаратқан Иенің көктегі кеңесінде тұрып Оның хабарларын көріп-естіпті? Оның сөзіне құлақ асып, ден қойған біреуі болды ма? Шынында Жаратушы Тәңір Ие Өзіне қызмет ететін пайғамбарларға алдын ала білдірмей ештеңе істемейді. Ал Ыбырайым:— Мұса мен өзге пайғамбарлардың жазбалары оларда бар ғой, соларға құлақ ассын! — дейді. Рас, сендер Киелі жазбаларды зерттеп, солар арқылы мәңгілік өмірге ие боламыз деп ойлайсыңдар. Ал олар Мен туралы куәлік етеді ғой! Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылған. Олар тәлім беру, әшкерелеу, түзету әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді. Осылай Құдайдың адамы барша игі іске дайындалып, толықтай даяр болмақ.
Выбор основного перевода