Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылайша Есау, яғни Едом, Сейірдің таулы жеріне қоныс тепті. Мұса Қадештен Едом патшасына елшілері арқылы мынадай сәлем жіберді:— Ағайындарың исраилдіктерден дұғай сәлем. Біздің басымызға түскен әр алуан бейнеттер туралы өздерің білесіздер. Ал едомдықтардан жиренбеңдер, олар сендердің бауырластарың. Мысырлықтардан да жиренбеңдер, олардың елінде жат жұрттық кірме болып тұрдыңдар. Өзіңнің бауырлас елің Жақыпқа жасаған зорлығың үшін сен масқара болып, біржола құрисың. Бауырыңның басына күн туғанда сен қарап тұра бермеуің керек еді! Яһуда елі қырғынға ұшырағанда оны табалап мәз болмауың керек еді! Олар қатты қиналған күндері сенің мақтанбауың керек еді!
Выбор основного перевода