Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұсаға мына тапсырманы да берді:— Мысырға қайтып барған соң, Мен өзіңе тапсырған кереметтердің бәрін перғауынның алдында көрсететін бол. Бірақ Мен оның жүрегін қасарыстырып қоямын, сондықтан ол халықтың кетуіне рұқсат етпейтін болады. Бірақ Сихон Исраилге өз жері арқылы жүріп өтуге рұқсат бермей, бүкіл жасағын жинап, Исраилге қарсы елсіз далаға аттанды. Яхас деген жерге жетіп, исраилдіктермен шайқасты. Гибеон қаласын мекендейтін хевтіктерден басқа бірде-бір қала исраилдіктермен бейбітшілік келісімін жасаған жоқ. Өзге қалалардың барлығы күшпен алынды, өйткені Жаратқан Иенің Өзі жүректерін қасарыстырып қойғандықтан, олар Исраилге қарсы соғысқа шықты. Олар Жаратқан Иенің қарғысына ұшыраған соң, Оның Мұсаға бұйырғанына сай ешқандай аяусыз қырылып-жойылуға тиіс болды.
Выбор основного перевода