Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар Паран даласындағы Қадеште жиналып тұрған Мұса мен Һаронның және Исраил халқының бүкіл жамағатының алдында өздерінің көріп-біліп келгендерін айтып беріп, алып келген жемістерін де көрсетті. Санақтан өткен жасы жиырмадағы не одан асқан еркек кіндіктілерің — Маған қарсы күңкілдеп наразылық білдірген барлығыңның сүйектерің осы иен далада шашылып қалады. Мен өздеріңді қоныстандыруға ант еткен сол елге Ефунне ұлы Халеп пен Нұн ұлы Ешуа екеуінен басқа сендердің ешқайсыларың кірмейсіңдер! Сендер бала-шағамыз жауға олжа болады деген едіңдер. Алайда осы балаларыңды өздерің менсінбей қойған сол елге Мен Өзім алып барамын. Елдің игілігін солар көретін болады! Ал сендердің сүйектерің осы иен далада қалмақ. Жаратқан Иеге деген опасыздықтарыңа бола, бала-шағаларың сендердің бірде-біреуің тірі қалмай құрып бітпейінше, қырық жыл бойы осы иен далада көшіп-қонып мал бағып азап шегетін болады. Уәделі елді қанша күн барлаған болсаңдар, сонша жыл, яки қырық жыл бойы өз кінәларыңның зардабын тартатын боласыңдар. Осылайша Менің өздеріңе қарсы болуымның не екенін ұғасыңдар. Мен, Жаратқан Ие, осылай деймін. Және осы айтқандарымды Маған қарсы шыққан мына зұлым жамағаттың бәріне міндетті түрде жүзеге асырамын: олар бірде-біреуі тірі қалмай, осы иен далада құритын болады!» «Мысырдан шыққан мына адамдардың жасы жиырмаға толған не одан асқан ешбір адамы Мен Ыбырайым, Ысқақ және Жақыпқа ант еткен сол елді көре алмайды! Себебі олар Маған толықтай сеніп мойынсұнған жоқ. Олардың арасында (содан отыз сегіз жыл бұрын) Синай атты елсіз далада болған бірінші санаққа енген исраилдіктерден бірде-бір адам болған жоқ. Сендердің наразылық білдірген дауыстарыңды естігенде Жаратқан Ие қаһарланып, былай деп ант етті: «Мен ата-бабаларыңа беруге ант еткен шұрайлы елді осы зұлым ұрпақтың ешбір адамы көрмейді!
Выбор основного перевода