Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер қасыңдағы исраилдік бауырласыңның біреуі кедейленіп, өздігінен күнін көре алмай қалса, оның бұдан кейін де араларыңда бірге тұра беруі үшін, жат жұрттық пен келімсекке көмектескеніңдей, оған да көмектес. Сұрағанға мұқтажын бер, қарыз алғысы келгеннен де теріс айналма. Егер одан қайтарып алармын деген үмітпен біреуге қарыз берсеңдер, сол үшін қандай сый алмақсыңдар? Берген нәрселерін түгелдей қайтарып алу үшін күнәкарлар да өзі сияқтыларға қарыз береді. Бірақ сендер жауларыңды да жақсы көріңдер! Жақсылық істеп, жарлыларға ештеңе дәметпестен қарыз беріңдер! Сонда көктегі сыйларың зор болып, Құдай Тағаланың рухани балалары боласыңдар! Ол тіпті рақмет айтуды білмейтіндер мен жамандарға да мейірімді.
Выбор основного перевода