Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
ол ешбір мінсіз бір бұқаны, қошқарды немесе текені алып келсін. Сонда ғана құрбандығы қабылданады. Кемістігі бар еш малды Жаратқан Иеге ұсынбаңдар, әйтпесе оларың қабылданбайды. Егер біреу берген антын орындау үшін немесе өз еркімен Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандық ұсыну үшін мүйізді ірі қара не ұсақ малынан алып келсе, Жаратқан Ие ондай малды ешбір мінсіз болса ғана мақұлдап қабылдайды. Сондықтан мынадай малдарды: соқыр немесе бір мүшесі сынған, не тілік жарақаты, не сүйелі, не іріңді жарасы, не қышыма-қотыр, есекжем секілді ауруы бар малдарды шалып, құрбандық үстелінде Жаратқан Иеге түтетіп өртеп ұсынуға болмайды. Ал егер өз еркіңмен Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалғың келсе, бір мүшесі нысаналы немесе дұрыс өспей қалған мүйізді ірі қара не ұсақ малды құрбандыққа шалуға болады. Бірақ сондай мал ант етілген құрбандық ретінде қабылданбайды. Ұрық безі зақымданған, езілген, жұлынып қалған немесе кесіп тасталған малды Жаратқан Иеге құрбандыққа шалуға болмайды. Елдеріңде осылай еш істемеңдер! Мұндай кемістігі бар малдарды Құдайға тамақ іспетті тарту ретінде ұсынуға жат жұрттықтан да қабылдап, алып келмеңдер! Олар кемістігі бар зақымданған мал болғандықтан, құрбандығың ретінде қабыл болмайды.
Выбор основного перевода