Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер басыбайлы исраилдік қызметші сатып алсаң, ол саған алты жыл қызмет етсін. Жетінші жылы оған бас бостандығын тегін бер. Егер исраилдік бауырластарыңның бірі кедейленіп, өзін саған басыбайлы қызметшің болуға сатса, оған құл іспетті ауыр жұмыс істетпе. «Әрбір жетінші жылы әрқайсың өзін саған басыбайлы қызметшілікке сатқан исраилдік ағайыныңды малайлықтан босатуға тиіссіңдер! Ол саған алты жыл бойы қызмет етіп болған соң, оны қоя бер!» Бірақ сендердің ата-бабаларың Менің сөзіме құлақ та асқан жоқ, мойынсұнған да жоқ.
Выбор основного перевода