Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Леуі руын алға шығарып, оларды діни қызметкер Һаронның алдына тұрғыз. Олар оған қызмет ететін болсын. Исраилдіктердің ел қонысы көшер алдында Һарон және оның ұлдары киелі шатыр мен оның құрал-жабдықтарын жауып болған соң ғана қахаттықтардың жақындап келіп, оларды көтеріп алып жүрулеріне болады. Сол киелі заттардың ешқайсысына қол тигізулеріне болмайды, әйтпесе олар өлім құшады. Қахаттықтардың кездесу шатырындағы алып жүретін заттары осылар. Осылайша леуіліктерді басқа исраилдіктердің арасынан бөліп ал. Леуіліктер Менің ерекше меншігім болады. Сонда леуілік діни қызметкерлер алға шықсын. Себебі Құдайларың Жаратқан Ие Өзіне қызмет етіп, өз атынан бата беріп, әрбір дау мен шабуыл жайлы үкім шығаруға оларды таңдап алған.
Выбор основного перевода