Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие оған:— Жарайды, сенің сұрағаныңды орындаймын. Өйткені Мен саған ризамын, сені жақыннан танимын да, — деп уәде берді. Содан кейін мен қайтадан Жаратқан Иенің алдында етпетімнен қырық күн, қырық түн бойы жатып алдым. Сендердің Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап Оның ашуын туғызған барлық күнәларыңа бола сол уақыттың ішінде еш нәр татпай, су да ішкен жоқпын. Жаратқан Иенің лаулаған қаһарынан қорқып, Ол сендерді құртып жібермей ме деп үрейленіп тұрдым. Бірақ Ол бұл жолы да маған құлақ асты. Жаратқан Ие сендерді құртамын дегендіктен, Оның алдында сол қырық күн, қырық түн бойы етпетімнен жата бердім.
Выбор основного перевода