Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді:— Мен бұл халықты назарымда ұстап келемін, оның тоң мойын қыңыр екеніне көзім жетті. Қалаларыңды қиратып, киелі орындарыңды бос қалдырамын, тартуларыңның хош иісін де иіскемеймін. Сондықтан Құдай Иенің осы шұрайлы елді сендерге мұралық меншікке беруі өз әділдіктеріңе бола емес екендігін ұғып алыңдар! Керісінше, сендер тоңмойын, бағынбайтын халықсыңдар. Уа, Яһуда мен Иерусалимнің халқы! Өздеріңді толықтай Жаратқан Иеге арнаңдар, Оған жүректеріңді де түгелдей бағыштаңдар! Әйтпесе сендердің жасаған барлық күнәларыңнан Менің қаһарым жалындай лап етіп, оттай лаулайтын болады. Сонда оны ешкім сөндіре алмайды.
Выбор основного перевода