Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Софония
1 2 3
Параллельные места
онда Мен оларға ғибадатханамнан және оның алаңдарынан орын беріп, мәңгі өшпейтін ат пен абырой сыйлаймын. Бұл, ұл-қыздар арқылы қол жеткізуге болатын абыройдан да артық. «Мен жарататын жаңа аспан мен жаңа жердің көз алдымда мәңгі жойылмайтынындай, сендердің есімдерің де өшпейді, үрім-бұтақтарың да мәңгі көз алдымда болады, — деп уәде береді Жаратқан Ие. Сонда Мен сендерге Өзімді тапқызамын! — деп уәде береді Жаратқан Ие. — Иә, Мен сендерді тұтқыннан кері қайтарып, жағдайларыңды бұрынғыдай игілікке кенелтемін. Өзім сендерді жер аудартқан барлық халықтар мен елдерден жинап, осы жерге қайта алып келемін. — Уа, Жаратушы Тәңір Ие! Өзіңнің ғаламат құдіретіңмен және алға созған қолыңмен аспан мен жерді жараттың. Сен істей алмайтын тым қиын нәрсе жоқ! Сонымен (шашырап кеткен халқыма) былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен сендерді Өзім араларына шашыратып жіберген елдер мен халықтардың арасынан қайта жинап аламын. Сендерге Исраил елін қайтадан табыстаймын. Қойшы қамқорлығындағы жайылып, бытырап кеткен қойларына назарын аударып, оларды іздеп, тауып алатынындай, Мен де «қойларымды» іздеп, табамын. Иә, бұлтты да қараңғы күні халқым бытырап кеткен жан-жақтағы барлық жерлерден Мен оны құтқарып аламын. Сондықтан оларға хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Уа, өз халқым, біліп қойыңдар, Мен көрлеріңді ашып, өздеріңді солардан тұрғызып алмақшымын. Бұдан кейін сендерді Исраил еліне қайтарып алып барамын. Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен бөтен халықтардың арасына тарап кеткен Исраил халқын солардың ішінен алып шығып, жан-жақтан жинаймын да, өз елдеріне қайтарып әкелемін. Сол кезде теңіз жағалауы Яһуда халқының аман қалғандарына өтеді. Олар сонда малдарын бағып, Ашқалонның үйлерінде түнейтін болады. Себебі өздерінің Құдайы Жаратқан Ие аман қалған яһудалықтарды назарында ұстап, қайтадан игілікке кенелтеді. Болашақ кезде Мен саған қысым көрсеткендерді де қолға алып, барлығын жазалаймын. Ақсақ адамдарыңды құтқарып, шашырап кеткендеріңді жинап аламын. Масқара болған елдерінде енді оларға даңқ пен мадақ сыйлаймын.
Софония
1 2 3
Выбор основного перевода