Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Софония
1 2 3
Параллельные места
Олар Мен өздеріне сыйлайтын балаларын көргенде, Жақыптың Киелі Құдайы деген қасиетті есімімді құрметтеп, Мені, Исраилдің Құдайын, терең қастерлейді. Күллі халқың әділ болып, осы елге ұдайы ие болады. Халқым Өзім отырғызған көшетке ұқсайды. Мен оны жараттым, ол арқылы ұлылығымды паш етемін. Халқым енді қайтып өзге халықтарға олжа болмайды, елдің жыртқыш аңдары да оларды жалмамайды. Халық қауіпсіз өмір сүріп, ешкім оларды қорқытпайтын болады. Әркім отырады өз жүзім бұтасыныңТүбінде әрі өз інжір ағашының,Ешкім оларды қорқытпайды енді!Осыны нық айтқан Әлемнің Иесі. Сонда ақсақтар тірі қалып, алысқа жер аударылғандармен бірге Менің мықты халқым болады. Мен, Жаратқан Ие, сол күннен бастап мәңгілікке Сион тауынан оларға патшалық құратын боламын. Сол Көсем тұрып, өз халқына Жаратқан Иенің берген қуатымен, әрі өз Құдайы Жаратқан Иенің есімінің салтанатымен билік жүргізетін болады. Оның даңқы жердің ең шалғай түкпірлеріне дейін жеткендіктен, олар қауіпсіздікте тұратын болады. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: — Мен Сионға қайта оралып, Иерусалимде тұратын боламын. Сонда Иерусалим «Ақиқат қаласы», әрі Әлемнің Иесінің киелі үйі орналасқан Сион тауы «Оған бағышталған қасиетті тау» деп аталмақ. «Міне, мынаны істегендерің жөн: бір-біріңе шындықты айтыңдар, сот орындарыңда әділ әрі ынтымаққа жетелейтін үкім шығарыңдар! Мен «ізгі Бағушымын»: ізгі Бағушы қойлары үшін жанын қияды. ауыздарынан арам сөз шықпайтын, олар мінсіз.
Софония
1 2 3
Выбор основного перевода