Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Софония
1 2 3
Параллельные места
Өзіңе азап шеккізгендердің ұрпақтарының сенің алдыңа келіп, бас июлеріне тура келеді. Саған қорлық көрсеткендердің бәрі аяғыңа жығылып, сені «Жаратқан Иенің қаласы, Исраил сиынған Киелі Құдайға бағышталған Сион» деп атап, қадірлейтін болады. Өйткені белбеудің адам денесіне жабысып тұратынындай, Мен де Исраил мен Яһуданың бүкіл үрім-бұтағын Өзіме жақын тұрсын деп жаратқан едім. Олар атақ-даңқымды асырып, Өзім мақтан ететін таңдаулы халқым болсын дедім. Бірақ олар Мені мүлдем тыңдамай қойды. Мен жоғалғандарын іздеп, адасқандарын қайтарып алып келетін боламын. Мертіккендерін байлап-таңып, әлсіздерін күшейтемін. Бірақ қоңдылары мен қуаттыларын бақылап, (бағынбайтындарын) жоямын. Осылайша отарымды әділдікпен бағатын боламын. Жаратқан Ие былай деп нық айтады: «Сол күні Мен ақсақтарды, жер аударылған және Өзімнен жапа шеккендерді жинап аламын. Сонда ақсақтар тірі қалып, алысқа жер аударылғандармен бірге Менің мықты халқым болады. Мен, Жаратқан Ие, сол күннен бастап мәңгілікке Сион тауынан оларға патшалық құратын боламын.
Софония
1 2 3
Выбор основного перевода