Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп тіл қатты:— Неге айқайлап Мені шақырып тұрсың? Исраилдің үрім-бұтағына: «Алға қарай жылжи беріңдер!» деп бұйыр. Мұса қолын аспанға қарай көтерген кезде Исраил жеңіп, ал қолын төмен түсіргенде Амалек басым түсіп жатты. Бірақ Мұса Құдай Иесіне жалбарынып былай деді:— Уа, Жаратқан Ие! Өзің Мысырдан ұлы күшпен, құдіретті қолыңмен бастап алып шыққан халқыңа қарсы неге қаһарың лаулайды? Сол майдың біразын Һаронның басына құйып май жағу рәсімін орындап, Һаронды Құдайдың қызметіне бағыштады. Ал Мұса Жаратқан Иеге былай деп сиынды:— Сонда мысырлықтар бұл туралы еститін болады! Сен осы халықты Өзіңнің құдіретіңмен олардың арасынан алып шықтың ғой! Сонда Самуил еміп жүрген бір қозыны алып, Жаратқан Иеге арнап құрбандыққа шалды. Оны түгел өртеп жіберіп, Исраил халқы үшін дауыстап Жаратқан Иеге жалбарынды. Жаратқан Ие оған құлақ асты. Олар Самуилден өтініп:— Құдайыңыз — Жаратқан Иеге бізді өлтірмесін деп пенделеріңіз үшін сиына көріңізші, тақсыр. Жасаған басқа күнәларымызға қоса біз өз бетімізше патша талап етіп, тағы бір рет күнәға баттық, — деді. Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді:— Тіпті Мұса мен Самуил осында Менің алдымда тұрып, олар үшін өтініш жасаса да, бәрібір бұл халыққа жаным ашымас еді. Халықты Менің көз алдымнан қуып жіберіңдер, кетсін!
Выбор основного перевода