Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол жерден, Келісім сандығы қақпағының үстіндегі екі керуб мүсіндерінің ортасынан Мен саған тіл қатып, Исраилдің үрім-бұтағына сен арқылы бұйыратын ережелерімнің бәрін тапсырамын. Сонымен Шилоға бірнеше адам жіберіп, олар Әлемнің Иесінің Келісім сандығын алып келді. Оның жер бетіндегі «тағы» сандық қақпағындағы керуб мүсіндерінің үстінде болды. Елидің ұлдары Опни мен Пінехес те сол жерге Құдайдың Келісім сандығымен бірге келген еді. Барлығы Құдайдың Келісім сандығын Иерусалимге алып келуге Яһудадағы Бағалаға қарай аттанды. Сандық Әлемнің Иесіне бағышталған еді; Оның жер бетіндегі тағы (сандық қақпағындағы) екі керуб мүсінінің үстінде орналасқан. Уа, Исраилдің Бағушысы, құлақ түрші,Бейне қой отарындай жетелейсің Жүсіпті.Уа, керубтер арасында «тақта» Отырушы,Өзіңнің нұрлы салтанатыңды жайнатшы. Жаратқан Ие — Патша, Ол билік жүргізуде,Ұлылыққа бөленіп, кенелген құдіретке.Орнынан қозғалмастай берік орнатылған әлем, Қасиетті салтанатына бөленіңдер,Жаратқан Иеге бағынып бас иіңдер,Оның алдында дірілдеп дәріпте, бүкіл жер! Жер жарылып, қақ айырылуда, жер сұрапыл сілкінуде!
Выбор основного перевода