Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ сен сонда да: «Құдай не білуші еді? Мұндай қою түнек арқылы Ол адамзатты қалай соттай алушы еді? Зұлым тәкаппарланып, Тәңірге бет бұрмайды,Күллі ой-пікірінде «Құдай жоқ!» деп санайды. «Құдай қайдан білсін? — деп сол зұлымдарМақтана сұрайды: — Хақ Тағала ма хабардар?» Олар былай дейді: «Жаратқан мұны көрмейді,Жақып сиынған Құдай бұған мән бермейді». Ол маған былай деп жауап берді:— Исраил мен Яһуданың кінәсі алапат зор! Бүкіл елде қан төгілген, қала да әділетсіздікке толған. Олар «Жаратқан Ие біздің елді тастап кетті! Жаратқан Ие бізді көрмейді!» деседі.
Выбор основного перевода