Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кейін Жаратқан Ие Қабылдан:— Інің Әбіл қайда? — деп сұрады. Ол:— Білмеймін, мен інімнің күзетшісі ме едім? — деп жауап қайырды. Ал егер сендердің қандарың төгілетін болса, Мен сол үшін есеп беруді талап ететін боламын. Кез келген аңнан және кісіден адамның өмірі үшін есеп беруді талап етемін. Шаттаныңдар енді, уа, басқа ұлттар,Жаратқан Иенің халқымен қатар,(Бар періштелері де Оған тағзым етсін,)Себебі Ол өз қызметшілерініңҚанын төккенге жазасын тартқызадыЖәне өз халқы мен елін тазартады. Ал Жаратқан Ие тішбелік Ілияс пайғамбарға сөзін арнап былай деді: «Жиналып, Самарияда тұрып жатқан Исраил патшасы Ахабқа бар! Дәл қазір ол Набутайдың жүзімдігін иемденіп алу үшін сонда ылдилап барды. Оған Менің атымнан былай де: Жаратқан Ие мынаны айтады: Кісі өлтіріп, енді оның мұралық жер үлесін тартып алмақсың ба?! Оған тағы мына сөзді айт: Набутайдың қанын жалаған орында иттер сенің де қаныңды жалайтын болады!» Ал мұқтаж жан біржола ұмытылып кетпейді,Бейшараның үміті мүлдем зая кетпейді. Уа, Жаратқан Ие, орныңнан көтеріле гөр,Құдайым, қол созып, қаналғанды ескере гөр! Зұлымдар неліктен Құдайды қорлай алады?!«Жауапқа тартпайды» деп неге ойлай алады?!
Выбор основного перевода