Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді?Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті,Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі,Керемет істер жасайтын сондай құдіретті! «Уа, Жаратушы Тәңір Ием! Сен мендей қызметшіңе зор ұлылығың мен құдіретіңді көрсете бастадың. Өйткені Сенің істегеніңдей құдіретті іс-әрекеттер істей алатын қандай тәңір не аспанда, не жерде бар еді? Ешкім жоқ Жаратқан Иедей қасиетті,Жоқ Сенен өзге ешбір тәңір шынайы,Берік қорған да жоқ Құдайымыз сияқты! Жан-тәніммен Оны былай деп мақтаймын:«Күшсіз жанды күштіден қорғайтын,Бейшара кедейді тонаушыдан сақтайтынСаған кім тең келер, уа, Жаратқаным?» Көктегі кім Иемізбен теңесе алар,Күштілер арасында кім Жаратқанға ұқсар?
Выбор основного перевода