Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы шежіреде аттары аталған Һарон мен Мұса — Жаратқан Иенің «Исраил халқын Мысырдан лек-легімен алып шығыңдар!» деген тапсырмасын алғандар. Жаратқан Ие исраилдіктерге жол көрсетіп, күндіз бағана тәрізді бұлт ішінде, ал түнде жолдарына жарық түсіріп, жалындаған от бағанасының ішінде алдарында жүріп отырды. Осылайша олар күні-түні жол жүре алды. Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп тіл қатты:— Неге айқайлап Мені шақырып тұрсың? Исраилдің үрім-бұтағына: «Алға қарай жылжи беріңдер!» деп бұйыр. Өзің таяғыңды ұстап, қолыңды теңіздің үстіне қарай соз. Сонда теңіз қақ айырылып, халық теңіз ортасынан құрғақ жермен өте шығады. Сонда Оның халқы ежелгі заманды —Мұса пайғамбар мен оның қасындағыХалқының тарихын естеріне алды:«Бағушысы Мұсамен бірге халықтыТеңізден өткізіп, басшыларынаӨзінің Киелі Рухын қондырғанСол Жаратқан Иеміз қазір қайда? Өзі Мұсаны ұлы құдіретіменҚолынан ұстағандай болып жетелеген,Алдынан теңіз суын қақ айырған,Халқын теңіз түбімен бастап алып шыққан,Өз даңқын мәңгілікке нық орнатқанҚұдай Иеміз қазір қайда екен?Олар кең далада көсіле шапқанСайгүліктей терең теңіз түбіненЕшбір сүрінбестен-ақ өте шықты.
Выбор основного перевода