Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен сендер сол елде тұратындармен келісім жасаудан сақтаныңдар! Әйтпесе олар Маған сенімсіздік танытып, өз тәңірсымақтарына арнап құрбандық шалып құлшылық еткенде сендерді де шақырады. Осылай сендер сол құрбандықтарынан жеп, өздерің де жалған тәңірлерге табынатын боласыңдар. Жаратқанның жаулары жойылады,Зұлымдар даланың көркіндей солады,Жайылған түтіндей тез ғайып болады. Осындай істерімен халық өзін қорлады,Қасиетті Келісімге сатқындық жасады. Құтқарылу тым алыс зұлымдардан,Өйткені олар безеді жарлықтарыңнан. Уа, Жаратқан Ие, Исраилдің үміті Сенсің! Өзіңнен безіп кеткен әркім масқара болады. Сенен кері бұрылғандардың есімдері шаң-тозаңға жазылғандай ұмытылады. Өйткені олар тірі судың қайнар көзі — Жаратқан Иеден бас тартты». Халық Менен адасып кеткендіктен қасіретке қалады! Олар Маған қарсы бас көтергендіктен енді апатқа душар болады! Оларды құтқарар да едім, бірақ олар Мен туралы өтірік айтып келеді. Әй, опасыздар! Осы күнәкар дүниемен достасу Құдайға қастық екенін білмейтін бе едіңдер? Осы дүниемен дос болғысы келген әркім Құдайдың жауына айналады.
Выбор основного перевода