Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен,Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден,Себебі Өзің менің қасымдасың,Жігер береді сойылың мен таяғың. Сүрінсе әділ жан, біржола құламайды,Жаратқан оны қолынан демеп қолдайды. Жаным тығыз байланыста Сенімен,Мені демейсің құдіретті қолыңмен. Бұған Шимон Петір:— Жоқ, Ием, Сізден кетсек, кімге бармақпыз? Мәңгілік өмірге жеткізетін сөздер Сізде. Мәсіхтің сүйіспеншілігінен бізді не айыра алады? Азап пен қысым ба, қудалану мен аштық-жалаңаштық па, әлде қауіп пен семсер ме? Забурда мына сөздер жазылған: «Сен үшін олар бізді күнде жоюда, сойылатын қой деп бізге қарауда». Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз. Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды! Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!
Выбор основного перевода