Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі бас сауғалар панам болып келесің,Жаудан қорғайтын берік бекінісім Өзіңсің. Міне, мен және Жаратқан Ие маған сыйлаған балалар мұндамыз! Жер бетіндегі тұрағы Сион тауында орналасқан Әлемнің Иесі бізді Исраил елінде Өзінің болашақта не істейтінін білдіретін хабары мен белгісі етті. Жұрттың көзінше заттарыңды иығыңа салып ал да, қараңғылыққа сүңгіп кет! Тастап бара жатқан еліңді көре алмайтындай етіп, бетіңді тұмшалап жауып ал. Өйткені Мен сені Исраил еліне (болашақтағы оқиғаларды алдын ала білдіретін) ескертуші еттім». Сол кезде саған қайтадан тіл бітіп, онымен сөйлесесің. Бұдан кейін үн-түнсіз қалмайсың, сөйлей алатын боласың. Сонымен сенің басыңнан өткен бұл жайттар халыққа (болашақ оқиғаларды алдын ала білдіретін) ескерту болмақ. Осылай олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». Құдай біздерге, яғни елшілерге, өлімге кесілген тұтқындар іспетті «салтанатты жүрістің ең соңында» жүруді бұйырды деп ойлаймын. Себебі біз бүкіл әлемге — періштелер мен адамдарға масқара көрініс болдық.
Выбор основного перевода