Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді?Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті,Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі,Керемет істер жасайтын сондай құдіретті! Өз халқыңның басына пәле түсірдің,Теңселтетін «шараптан» оған ішкіздің. Өз халқыңның Саған шаттануы үшінӨмірімізді қайтадан жаңартпаймысың? Сондай зор Сенің маған түсірген шапағатың,О дүниенің тұңғиығынан аман сақтадың! Азапталған күйлерінде олар Маған бет бұрып, өзара былай десетін болады: «Келіңдер, Жаратқан Иеге қайтадан мойынсұнайық! Ол бізді жарып, жарақаттап еді, енді жарамызды жазады. Ол бізді соққан еді, енді сол жерімізді таңады. Екі күннен кейін Ол бізге жан бітіріп, үшінші күні қайта тұрғызады. Сонда біз Оның көз алдында өмір сүретін боламыз. Тоқтыға қарсы соғысқа шығады. Бірақ Тоқты оларды жеңіп шығады. Себебі Ол — «иелердің Иесі, патшалардың Патшасы»! Ал қасындағылар — Оның шақырылып, таңдалған, адал ізбасарлары.
Выбор основного перевода